Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маңғышлақ-Атырау" пойызында билетсіз жолаушылары бар вагон анықталды

Опубликовано:

Атырау облысында "Манғышлақ–Атырау" бағытындағы №313 жолаушылар пойызын тексеру кезінде көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлері вагондардың бірінде 77 билетсіз жолаушы болғанын анықтады.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады bnews.kz.

"Жолаушыларды, багажды және ауыр жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған үшін пойыз бригадасының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада. Көлікті бақылаудың аймақтық инспекциялары теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау қызметтерін көрсететін тасымалдаушыларға тұрақты негізде тексеріс өткізіп тұрады.

Атап айтқанда, билетсіз жолаушыларды тасымалдау мәселесіне байланысты қазақстандықтардан түскен шағымдар негізінде тексерістер жүргізіледі.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/305033-mangyshlak-atyrau-pojyzynda-biletsiz-zholaushylary-bar-vagon-anyktaldy/

pixel