RU

Жапонияда танымал Хатико итіне арналған тағы бір ескерткіш орнатылады

Жапония астанасында әлемге айнымас достық пен адалдықтың үлгісі ретінде белгілі болған танымал Хатико итіне арналған тағы бір ескерткіш орнатылады.

Иесі Хидесабуро Уэно мен аталған ит бейнесі көрсетілген жаңа монумент профессор Уэно сабақ берген Токио университетінің ауыл шаруашылығы факультеті ауласында қойылады. Жаңа ескерткіште Хатико мен Уэноның кездескен сәті бейнеленбек.

Осы композицияны құрастырушылардың пікірінше, осы сәт Хатико мен иесінің арасындағы нағыз адалдықты көрсетеді. Осы оқиғаның желісіне тоқталатын болсақ, профессор Уэно қаза болғанына қарамастан, көптеген жылдар бойы Хатико темір жол вокзалына күнделікті бір уақытта келіп, иесін жұмыстан кейін күтумен болған.

Хатико атауының бастапқы бөлігі жапонша "сегіз" деген мағынаны білдіргендіктен, ескерткіш алдағы жылдың 8 наурызында ашылып, онда аталған иттің өлімінен кейінгі 80 жылдығы аталып өтілмек, деп жазады Итар-Тасс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/305600-zhaponiyada-tanymal-hatiko-itine-arnalgan-tagy-bir-eskertkish-ornatylady.html