Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова алдағы концертінде мұңы, сырымен бөліспек

Опубликовано:

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова шығармашылық ән кешіне шақырады. Бір кездері теледидардағы көрсетілімдерден алынып, халық іздеген әнші бар мұңы, сыры, қуанышымен осы алда болғалы жатқан концертте бөліспек.

Алматының Республика сарайында өтетін дүбірлі кеш алдында халық әртісімен 31 арна тілшілері сұхбаттасып қайтқан еді.

21 наурыз күні болатын концертке халық әртісі қызу дайындық үстінде. Мақпал ханым репертуарына жаңа әндер қосып, концерттік киімдерін тіктіріп, тіпті арықтауға кіріскен.

"Тамағым ауырмаса екен деп тілеймін, сайрап тұрсам екен деп. Екі-үш келіге арықтасам деймін", - дейді әнші.

Ерке қыздарын халық сағынып қалыпты. Бүгінде концерттің барлық билеттері сатылып кеткен. Сондықтан халықтың сұрауы бойынша әнші 22 наурыз күні екінші концертін өткізбекші.

Кеште қазақтың маңдайына біткен ақындары Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Фариза Онғарсыновалардың сөздеріне жазылған әсем әндер айтылып, халықпен әдемі сырласу кеші болады,- дейді әнші.

Айша, Бүркіт, Шахизадалардан өзге кеште Серілер тобымен дует айтылады. Ал, Мақпал Жүнісованың қызы Мерей анасына ерекше тосын сый ұсынбақ. Ал, кештің өзге қызықтарын халық тек алдағы күндері өтетін концертте тамашалай алмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/305701-makpal-zhynisova-aldagy-konczertinde-myny-syrymen-bolispek/

pixel