Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду әлемнің ең бай футболшысы атанды

Опубликовано:

Португалия құрамасының және мадридтік "Реалдың" үздік ойыншысы Криштиану Роналду Goal.com сайтының жүргізген сараптамасы бойынша әлемдегі ең бай футболшы болып танылды.

Былтырғы жылы бірінші орынды спорттық карьерасын аяқтаған танымал футболшы Дэвид Бекхэм иемденген болатын. Бұл жолы португалдық футболшының жалпы байлығы 148 миллион евроны көрсетіп, оны бірінші орынға шығарып тұр. Тізімнің екінші сатысында аргентиналық Лионель Месси тұр.

Мессидің жалпы байлығы 146 миллион евроны құрайды. Үшінші орын "Челсидің" үздік ойыншысы Самюэль Это'О-ға бұйырды. Оның байлығы 85 миллион евроға жетіп жығылады.

Goal.com порталы анықтаған әлемдегі ең бай 10 футболшының қатарына  Криштиану Роналдудан басқа, Лионель Месси, Самюэль Это′О, Уэйн Руни, Кака, Неймар, Роналдиньо, Златан Ибрагимович, Джанлуиджи Буффон, Тьерри Анри енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/305848-krishtianu-ronaldu-elemnin-en-baj-futbolshysy-atandy/

pixel