Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында "тыйым салынған есімдер" тізімі жарияланды

Опубликовано:

Сауд Арабиясында Корольдіктің Ішкі істер министрлігі елу есімге тыйым салу керектігі жөнінде өкім шығарды. Эр-Диядта бұл есімдердің мағынасын "күпіршілік" деп санайды екен.

Енді жаңа туған сәбилерге "Әмір" (Ханзада), "Линда" немесе "Абдул Нәби" және басқа да есімдерді қоюға тыйым салынды.

Корольдіктің ІІМ өз шешімдерімен осындай есімдердің Сауд Арабиясының мәдениеті мен дініне қайшы, болмаса "шетелдік және жөнсіз" деп санайды.

"Тыйым салынған есімдер" тізімі үш санатқа бөлінген: САК мұсылмандарының діни сезімдерін қорлайтын есімдер, әмірші отбасы мүшелеріне тіл тигізуі мүмкін есімдер, немесе не арабтық не исламдық мағынасы жоқ есімдер.

Дегенмен, араб басылымдары кейбір есімдерге қойылған тыйым түсініксіздік тудырып отырғанын жазуда. Мәселен, "Абдул Насер" немесе "Биньямин" мұсылмандардың ар-намысына тиетіндей есімдер емес.

"Абдул Насер" - араб жұртынан шыққан Мысырдың танымал ұлттық билеушісінің есімі, ол бір кездері Сауд Арабиясының басшыларымен қайшылықта болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/306392-saud-arabiyasynda-tyjym-salyngan-esimder-tizimi-zhariyalandy/

pixel