RU

Әкесі тікұшақтың көмегімен ұлының тісін жұлып тастады (видео)

Ирландиялық азамат ұлының тісін тіс дәрігерінің көмегінсіз-ақ жұлып тастады. Малкольм Свенге бұл үшін пультпен басқарылатын ойыншық тікұшақ қана қажет болды.

Серуендеуге шыққан әкесі мен ұлы тіс жұлудың ауырмайтын тәсілін ойлап тапты. Ер-азамат тіс жұлу операциясын саябақтағы отбасылық саяхаттан бастады.

Малкольм алдымен ұзын жіптің бір ұшымен ұлының босап тұрған тісін байлады. Бұдан соң жіптің екінші ұшын ойыншық тікұшаққа бекітіп байлады.

Осылайша, кішкентай Адамға "Дайындал!" деген команда беріп, пультпен басқарылатын тікұшақты көкке ұшырды. Бірнеше секундтан кейін "тіс жұлу операциясы" сәтті аяқталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/307715-ekesi-tikyshaktyn-komegimen-ylynyn-tisin-zhylyp-tastady-video.html