RU

Отандық композитор Назарбаевқа арнап күй шығарды

Мемлекет басшысы композитор Шәміл Әбілтаевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Ш.Әбілтаев өзінің қызметі туралы айта келіп, шығармашылық жоспарлары жөнінде ой бөлісті.

Кездесу барысында композитор Мемлекет басшысы 1973 жылы Теміртауда жұмыс істеп жүрген кезінде сөзін жазған "Шұбар ат" әнін орындады.

Ш.Әбілтаев өзі шығарған "Қазақстан - Нұрсұлтан" күй-портретті де орындап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/307760-otandyk-kompozitor-nazarbaevka-arnap-kyj-shygardy.html