RU

Біржынысты махаббатты насихаттауға "атсалысқан" жауапты адамдар жазаланды

Орал қаласы мектептерінде үшінші сынып оқушыларына сыныптан тыс оқуға өзге де әдебиеттер қатарында С.Петрова деген автордың біржынысты махаббатты насихаттайтын ертегісі енгізіліп кеткен.

БҚО прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, осы оқиғаға байланысты прокурорлық ықпал ету шаралары алынды.

Атап айтқанда, БҚО білім басқармасы басшысының бұйрығымен басқарма жанындағы әдістемелік кабинет директорына қатаң сөгіс жарияланса, мектепке дейінгі және орта білімді дамыту бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Орал қалалық білім беру бөлімі басшысы міндетін атқарушының бұйрығымен әдістемелік бөлімнің бас маманы мен №16 орта мектеп директорының үлесіне сөгіс тиді.

Оған қоса сол мектептің үш мұғалімі де жазаланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/307778-birzhynysty-mahabbatty-nasihattauga-atsalyskan-zhauapty-adamdar-zhazalandy.html