Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктемнің екінші айы құбылмалы ауа райымен басталады

Опубликовано:

1 сәуір күні Қазақстанның басым аумақтарында ауа ағынының әсерінен күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, жекелеген аудандарда қар бұрқасындатып, тұман түседі.

Ал еліміздің шығысы мен батысында күн ашық болады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап.

Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал түнде кей аудандарда қар бұрқасындатып, тұман түседі, түнде желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20, түнде 25 м/с-қа дейін көтеріледі.

Ақтөбе облыстарының кейбір жерлеріне тұман түседі, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде шаң көтеріліп, түнде өңірдің басым бөлігінде жел күшейеді -15-20, кей аудандарда -26 м/с.

Ақмола облысында да 15-20, кей жерлерде желдің күші секундына 25 м/с-қа барады.

Жамбыл облысында желдің екпіні -16-21 м/с-қа жетіп, ал кей аудандарда тұман түсуі ықтимал. Қызылорда облысында шаң көтеріліп, жел тұрады -17-22 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстанның жекелеген аудандарында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 12-20 метр болады деп күтілуде.

Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстанда, түнде Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында тұман түсуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/308113-koktemnin-ekinshi-ajy-kybylmaly-aua-rajymen-bastalady/

pixel