Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа өрмекші-адам туралы фильмнің кейіпкерлері қазақша сөйлейтін болады (видео)

Опубликовано:

Наурызда "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" атты фильмнің қазақша дубляжі басталды, деп хабарлайды "Болашақ" бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығының баспасөз қызметі.

Танымал блокбастердің жалғасы қазақстандық прокатқа 24 сәуірде 3D форматында қазақ және орыс тілдерінде шығады. Әзірге фильм тек жеті тілге аударылған, соның ішінде қазақ тілі де бар. Фильмді қазақ тіліне аударуды Sony Pictures студиясы қолға алады және ол әлемдік стандарттарға сай жасалмақ.

Жобаны "Алтын Қыран" қайырымдылық қорының қаржылық көмегімен "Болашақ" қауымдастығы мен Marwin компаниясы қолға алды. Айта кетейік, бұл "Болашақ" қауымдастығы аударуға кіріскен жетінші жоба.

Бұның алдында "Көліктер-2", "Қара киімділер 3", "Батыл жүрек", "Жаңа Өрмекші-адам", "Монстрлар Университетi", "Жалғыз рейнджер" фильмдері қазақшаға аударылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/308126-zhana-ormekshi-adam-turaly-filmnin-kejipkerleri-kazaksha-sojlejtin-bolady-video/

pixel