RU

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Бүгін, 2014 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Биыл көктемде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына 11 мыңнан астам адам әскерге шақырылатын болады.

Қорғаныс министрлігі үш мыңға жуық жас буынды Қарулы Күштер қатарына шақырса, қалғандары Ішкі әскерлер мен Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.

Биыл әскери бөлімдерді жасақтау тек аумақтан тыс қағидат бойынша жүзеге асырылатын болады. Іріктеу және әскери бөлімдерге бөлу кезінде әскерге шақырылушылардың мамандығы ескерілетін болады.

Науқан 2014 жылғы 27 маусымда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/308135-kazakstanda-koktemgi-eskerge-shakyru-naukany-bastaldy.html