RU

Тежегіш жүйесі істен шыққан "Скат" ұшағы Астанада апатты жағдайда қонды

Астана әуежайына қонған "Скат" әуе компаниясының Боинг-757 ұшағының тежегіш жүйесі істен шығып кеткен.

Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігіне Астана әуежайынан хабарлады.

"2014 жылдың 1 сәуірінде 4 сағат 10 минут шамасында Бангкок-Астана бағытындағы "Скат" әуе компаниясының Боинг-757 ұшағының сол жақ шассиі қону барысында істемей қалды, салдарынан төрт дөңгелектің желі шығып, түтіндеді", - деп жазылған хабарламада.

Ұшақ бортында 171 жолаушы мен экипаждың 9 қызметкері болған. Оның ішінде 49-ы - балалар. Барлық жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/308161-tezhegish-zhyjesi-isten-shykkan-skat-yshagy-astanada-apatty-zhagdajda-kondy.html