RU

Азиаданы үйымдастырған шенді 1,4 млрд-ты қымбат көліктерге жұмсаған

Алматыда өткен қысқы VII Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті атқарушы дирекциясының мүшесі А.Мусинге қатысты іс жаңа деректермен толықты.

Бұл туралы ҚР Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады. А.Мусинге ҚР ҚК "Заңсыз табылған қаржыны немесе өзге мүлікті жекешелендіру" бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды.

Ол 2009-2011 жылдар аралығында қымбат бағалы BMW және Mercedes-Benz көліктерін сатып алып, өзінің тақымына басқан.

Бұдан бұрын ол жеке кәсіпорын ашып, 1,4 млрд теңге көлемінде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Бұл соманың 600 млн теңгесі А.Мусиннің нұсқауымен қолды болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/308169-aziadany-yjymdastyrgan-shendi-14-mlrd-ty-kymbat-kolikterge-zhymsagan.html