RU

Қазақстандық саяхатшы Виктория сарқырамасынан еліміздің туымен секірді

Қазақстандық саяхатшы әрі байкерлер қозғалысының көшбасшысы Дмитрий Петрухин еліміздің туын арқасына байлап, Замбиядағы Виктория сарқырамасынан секірді.

Петрухиннің айтуынша, осылайша ол қазақстандықтарды өткен Наурыз мерекесімен құттықтап, Астанада EXPO-2017 өткізу идеясын қолдайтынын білдірген, деп хабарлайды bnews.kz.

Қазіргі таңда 57 жастағы Дмитрий Петрухин Кенияда жүр. Ол өзінің әлемдік саяхатының кезекті кезеңін аяқтамақ. Қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлап жатқанда, саяхатшы 175 метр биіктіктен секірді.

Петрухин бұл қадамын Қазақстанға арнағанын айтты. Қазір ол Кениядағы Экваторды кесіп өтпекші.

"Мен туды әлемдік саяхатта он жыл бойы өзіммен бірге алып жүрмін", - деді Дмитрий Петрухин.

Қазақстандық саяхатшы әлемнің 115 мемлекетінде болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/308204-kazakstandyk-sayahatshy-viktoriya-sarkyramasynan-elimizdin-tuymen-sekirdi.html