Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да "Дипломмен ауылға" аттанған жастар қайта қалаға тайып тұрған

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысында "Дипломмен ауылға" бағдарламасына жас түлектер емес, ауылдағы жұмысшылар тартылған.

Ал кейбір жас мамандар мемлекеттен көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй несиесін алып, қалаға тайып тұрған. Бағдарламаның орындалуын тексеріп жатқан прокурорлар осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың айтуынша, 2011-2013 жылдар аралығында облыста 1782 маман бағдарлама шарапатын көрсе, оның 574-і ғана дипломын жаңа алғандар екен. Қалғаны бұрыннан сол ауылдарда жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер болып шыққан.

Түлектерді 2013 жылы көтерме ақы және тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 633 млн теңге қаржы бөлінген.

"Кейбір жергілікті комиссия мүшелері ауылда бұрыннан еңбек етіп келе жатқан азаматты жобаға енгізіп, оған аталған жеңілдіктерді беріп жіберген", - дейді прокурорлар.

Ал Мақтарал, Сарыағаш, Түлкібас, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Созақ және Төлеби аудандары бойынша 40-тан астам жас маман 5 жыл еңбек етудің орынан 1-2 жыл жұмыс істеп, кетіп қалған. Бақылауды босаңсытқан шенеуніктер мемлекетке үлкен залал келтірген.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Батыр Ергешевтің мәлімдеуінше, бюджет қаржысын төлеген лауазым иелері бұған тиісті ведомстволық бақылау жасап, тиісті шара көрмеген. Ол қаражаттарды кері қайтаруға және келісімшартта көрсетілген айыппұл шараларын қолданбаған.

Заңбұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің қатаң тәртіптік жауапкершіліктер қарастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/308463-oko-da-diplommen-auylga-attangan-zhastar-kajta-kalaga-tajyp-tyrgan/

pixel