RU

Алматыда биыл 16 жүргінші өткелі тұрғызылады

Көлік жолын көлденеңінен кесетін жүргіншілер азайды. Оған, соңғы уақытта көптеп салынған жер үсті және жер асты өткелдері себеп. Алматы қаласында биыл тағы 16 жүргінші өткелі тұрғызылады.

Алматы қаласында тіркелетін жол апаттарының бестен бірі жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады. Апаттың көбі түнгі уақытта орын алуда. Көбінде, жүргізушілер жаяу жүргіншіні байқамай қалып жатады. Осы жағдайдың алдын алу үшін қала басшылығы жер үсті және жер асты өткелдерінің санын аттыруда. Бүгінгі күні Алматыда жаңа жобамен салынған 30-дан аса жаяу жүргінші өткелі бар. "Біз екі жыл бұрын жаяу жүргінші өткелдері туралы бағдарлманы қарған болатынбыз. Жоспар бойынша, өткен жылы 17 жаяу жүргінші өткелі салынды. Тағы 18-інің құрылысы басталып, 10-ы аяқталды. Осы жылғы жоспарға сәйкес тағы 16 өткел салынады. Жаяу жүргіншілер жолының мәселесі келесі жылы толық шешіледі",-деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

Жаяу жүргінші өткелдерінің құрылысына жалпы сомасы 4 жарым миллиардқа жуық теңге бөлінді. Олар Рысқұлов, Сайын, Райымбек, Сүйінбай, Әл-Фараби, Майлин және қаланың үлкен айналма жолы салынуда. Себебі, аталған жолдар қаланың күре тамыры және жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті.Дегенмен, сын түзелмей мін түзелмейді. Жаяу жүргінші өткелдері салынғанымен тазалығы сақталмай отыр. Құрылыс пен тұрмыстық қалдықтар тең болып үйіліп, иісі қолқаны қабады.Жыл сайын саны артып келе жатқан жаяу жүргінші өткелдері тұрғындардың көңілінен шығуда. Алайда, "өткел ішіндегі күл-қоқыстан аяқ алып жүрі мүмкін емес" - дейді жаяу жүргіншілер. Аталған жағдайды реттеу үшін арнайы мекеме құрылмақ. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/308664-almatyda-biyl-16-zhyrginshi-otkeli-tyrgyzylady.html