Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ университеттері Қазақстандағы оқу орындарынан арзан бола бастады

Опубликовано:

Алматыда өткен білім жәрмеңкесінде АҚШ-тың 20-ға жуық жоғарғы оқу орны қазақстандықтарды оқуға шақырды. Олардың көбінің ақысы кейбір қазақстандық оқу орындарынан арзан.

Сәуірдің 5-і күні Алматы қаласында өткен "АҚШ-та білім алу" жәрмеңкесіне келген қазақстандық студент Ғани Асылбаев Америка университеттерінде білім алу мүмкіндігі туралы көбірек білгісі келеді.

Қазақстанда білім беру саласы қанша қарыштап дамып жатса да, Батыстың біліміне жетпейді. Қазақстандық студенттер Батыста алған білімі мен тәжірибесін Қазақстанда қолдана алады. Бұл - студенттер үшін де, Қазақстан үшін де ұтымды.

Әлемнің көптеген жоғарғы оқу орыны (ЖОО) шетелдік студенттерге қаржылай көмектесіп, тұратын орны немесе оқуының ақшасын жартылай төлейтінін бұрын да естігенмін, – дейді Ғани Асылбаев.

УНИВЕРСИТЕТ ТАҢДАУ

Жәрмеңкеге АҚШ-тың 20-ға жуық беделді университеті қатысты. АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулдығы соңғы алты ай ішінде Алматы қаласында өткізген осындай бес білім беру көрмесінің әрқайсысы өзінше ерекше әрі қызық. Көрменің негізгі мақсаты – АҚШ-та оқығысы келетін студенттер санын көбейту.

Жәрмеңкеде аудиторияның сұранысын анықтап, соған сай университет, курстар ұсынуға тырысамыз.

"АҚШ-тың әртүрлі университеттерін тартуға тырысамыз. Баласын оқуға түсіргісі келетін оқу орнын ата-аналар бірден таңдамайды. Бизнес-курс, бакалавриат, магистратура ғана емес, ағылшын тілі курстарын да ұсынамыз", – дейді АҚШ бас консулдығының баспасөз, мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі атташесі Тристрам Перри.

Студенттердің өтініші бір жылдан кейін талданады. Қазір шетелде оқу ақысын өзі төлеп, білім алып жатқан 6 мың қазақстандық студенттің 2 мыңы Америкада оқиды.

СТИПЕНДИЯСЫЗ ОҚУ

Әлемдегі университеті ең көп ел – АҚШ-та оқып, білім алғысы келетіндер саны жылдан жылға өсіп келеді. Ол жаққа "Болашақ" стипендиясы бойынша ғана емес, өздігінен барып білім алатын қазақстандықтар да көп. АҚШ консулдығы атташесінің айтуынша, ол елде екі жылдық оқу 23 мың доллар тұратын қымбат университет те, бір жылға 6 мың доллар төлеп оқитын арзан университеттер де бар.

Студенттердің әке-шешесінің мүмкіндігін жан-жақты қарап, бюджетін ескердік. Қазақстандық студенттер АҚШ университеттерінде оқып жүріп те толып жатқан гранттар алуына болады.

"АҚШ-та оқу ақысы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау университетіне (КИМЭП) немесе Қазақстан-Британ университетінене (ҚБТУ) қарағанда арзан 100 университет бар", – дейді Тристрам Перри.

Егер үздік студент болсаңыз, сізді кез келген университет қуана қарсы алады, - дейді ағылшын өкілі.

Southern New Hampshire университетінің халықаралық қатынастар бөлімі директоры Артур Канарианың айтуынша, бұл университетке 10 өтініш түскен.

Білім беру қызметін ұсынатын Navitas компаниясының маркетинг жөніндегі менеджері Кирилл Мұратханов көрмеде таныстырған бес университетке түсуге 20 адам тіркелді.

Әлемдегі ең беделді әрі қымбат университеттердің бірі Стэнфорд университетіне жүз адам өтініш берген. Университет өкілдерінің түсіндіруінше, басқа оқу орындарына қарағанда, мұндағы каникул қысқа болғандықтан, студенттер оқуын тезірек бітіреді әрі бірден жұмысқа тұра алады.

Әлемдегі ең үздік университеттер тізіміндегі 200 жоғарғы оқу орнының жартысынан көбі – АҚШ-тағы оқу орындары. Ол елде 14 миллион студент оқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/309081-aksh-universitetteri-kazakstandagy-oku-oryndarynan-arzan-bola-bastady/

pixel