RU

"Сүлеймен сұлтан" сериалының әртістері "Оскардың" селфи-суретін қайталады

"Оскардың" селфи-суретін танымал түрік телехикаясының әртістері де қайталады. "GQ" журналына суреттің түрікше нұсқасын басылым ұжымы "Muhteşem Selfie" деген атпен жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, ұжымдық селфи-суреті 86-шы "Оскар" жүлдесін марапаттау рәсімінде түсірілді.

Осы күні салтанатты кештің жүргізушісі Эллен Дедженерес Брэдли Купер, Брэд Питт, Анджелина Джоли, Джулия Робертс, Дженнифер Лоуренс және Мерил Стрип сынды голливуд жұлдыздарымен бірге суретке түсіп, кейін оны Twitter-ге жариялады.

Небары екі сағаттың ішінде сурет 2 миллионнан астам ретвит жинады. Атақты әртістердің селфи-суреті әлеуметтік желіде трендке айналып, оны қайталаған ұжымдық суреттер көбейіп кетті.

Бұдан "Сүйлеймен сұлтан" телехикаясының сымбатты ер-азаматтары да қалыс қалмады деп жазады Lite.BNews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/309230-sylejmen-syltan-serialynyn-ertisteri-oskardyn-selfi-suretin-kajtalady.html