Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үш атауы бар көше табылды (фото)

Опубликовано:

Шымкенттегі Қайтпас-1 шағынауданындағы бір көшенің үш атауы бар. "Көшенің негізгі аты Шәмші Көшеров болса, қалғанын тұрғындар өздері ойлап тапқан" дейді жауапты сала мамандары.

Шәмші Көшеров атындағы көше шағынауданға апаратын негізгі жол. Көшенің бір бөлігіндегі маңдайшада "Шәмші Көшеров" деп жазылса, екіншісінде "Шәмші Көшерұлы" деп тұр. Ал, үшіншісінде тіпті "С.Әмірбековтің" атын көруге болады.

"Бізде құжат бойынша — осылай жазылған. Негізі тас жолдың бойы — Көшеров деп аталады. Ал, біздің үй арт жақтағы Әмірбеков көшесіне де қарайды. Бастысы, тұрғындар үйреніп кеткен", - дейді Жасарал Әміртаев есімді азамат.

Әр үйге ілінген тақтайшадағы атауды бірізділікке салу — қалалық ономастика бөлімінің жұмысы. Былтырдан бері көше атауы жазылған тақтайшаларды жаңартуға қыруар қаржы бөлінген көрінеді.

"Құжатта Шәмші Көшеров көшесі болып тіркелген. Бірақ, қалалық мәслихаттың шешімі шыққан жоқ. Өйткені, мораторий жарияланған болатын 3-4 жыл бұрын. Ал көшенің атауын бұрмалап отырған көше тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады", - дейді Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары Естебек Шардарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/309369-shymkentte-ysh-atauy-bar-koshe-tabyldy-foto/

pixel