RU

Қазақстандық 60 азамат Айдан жер алу мүмкіндігіне ие болды

Қазақстанда 60 адам Айдан жер алып үлгерген. Ғарыштық ұсынысты біздің отандастарымызға ҚР-дағы Айдың елшілігі беріп отыр.

Бұл туралы Almaty.tv тілшісінмен эксклюзивті сұхбат барысында ғарыштық мекеменің өкілі мәлімдеді.

Осы жылдың наурыз айынан бастап қазақстандықтар елшілік арқылы Ай және Марстан 0,3 гектар жерді 4000 және 3500 теңгеге сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сатып алу барысында тұтынушыға құжаттың түп нұсқасы және ие болған жердің суреті беріледі.

"Ең басты мақсатымыз, адамдарға ерекше сезім сыйлау. Олар жерді жақын адамдарының біріне сыйлыққа ұсына алады немесе өзіне сатып алып, үй қабырғасына іліп қоюға да мүмкіндігі бар. Негізі бізден жерді көбінесе жақын адамдарына тосын сый жасау мақсатында алады. Біз хабарласқан адамдарға бірден сатып алынған жердің құжаты заңды күшке ие еместігін түсіндіреміз. Елшілік тек сувенирлік тауарды ұсына алады", - деді ай елшілігінің өкілі.

Негізі Айда риэлторлық қызметпен шындап айналысуды біздің сұхбаттасып отырған адамымыз ойламапты. Олардың сөзіне сенсек, жер тұрғындары үшін айдағы жердің құны өте қымбат.

"Сатып алушылардың саны жоқтың қасы. Бірақ уақыт өте келе олардың қатары көбейеді деген ойдамыз. Себебі жастар арасында интернет арқылы сатып алушылардың саны өте көп. Ал біздің қызметімізді келемеждеп жүргендерге келетін болсақ, біз оларға көңіл бөлмейміз", - деді елшілік өкілі. Асель Асанова, Меруерт Сағымхан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/309822-kazakstandyk-60-azamat-ajdan-zher-alu-mymkindigine-ie-boldy.html