Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі жас жігіт такси жүргізушісін өлтіріп кетті

Опубликовано:

Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Алтынкөл стансасындағы 58 жастағы жүргізушінің өліміне қатысы бар деген күдікпен Toyota Carina көлігінің екі жолаушысының ізін кесті.

Бұл туралы Панфилов ауданының прокуроры Айдын Төребеков хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылдың 13 сәуірі шамамен кешкі бестер шамасында аудандық кезекші бөлімге Алматы облысының ІІД-нің жедел басқару орталығынан хабарлама түскен.

Онда Сарыөзек-Көктал-Қорғас жолының бойында белгісіз екі адамның шетелдік маркалы көліктің жүргізушісін өлтіріп, оның машинасын алып, оқиға орнынан іздерін жасырғаны жайлы айтылған.

Жедел іздеу шараларының барысында автокөлік жүргізушісінің жанындағы жолаушы әйелмен Талдықорғаннан Жаркентке бара жатқаны анықталды.

Ынталы ауылының жанында оларды екі жас жігіт тоқтатып, аудан орталығына дейін жеткізіп салуды сұраған. Жолда екі жігіттің бірі сыртқа шыққысы келген. Жүргізуші көлігін тоқтатқан кезде әлгі жігіттердің бірі оған пышақ ала жүгірген.

Егер автокөлікте жолаушы әйел болмағанда, қылмыскерлерді ұстау оңайға соқпас еді. Ол қылмыс орын алған кезде қашып үлгерген. Жолаушы әйел де Алтынкөл стансасында жұмыс істейді, ол жол бойынан көлік ұстап, Қоңырөлең ауылына жетіп, 102-ге хабар берген.

Әйелдің айтуы бойынша автокөлікке қатысты мәліметтер алынды. Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы қылмыскерлерді іздеуге жұмылдырылды. Қылмыскерлер Арқалы асуында ұсталды. Олар Панфилов ауданының тұрғындары болып шықты. Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/309858-almaty-oblysynda-eki-zhas-zhigit-taksi-zhyrgizushisin-oltirip-ketti/

pixel