Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2025 жылы БЭО аясында құрылатын орган қандай қызмет атқарады?

Опубликовано:

Ұлттық банк үшін қаржы нарығын реттейтін мемлекетүсті органның құрылуы ерекше өзгеріс әкелмейді, отандық қаржы реттегішінің негізгі қызметтері сақталады.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференция барысында BNews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

"Ұлттық органның құрылуы туралы айтар болсақ, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында бұл ой толығымен дұрыс түсіндіріліп жатқан жоқ", - деп атап өтті Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, бұл еуропалық реттеушінің аналогы болмақ, яғни реттеушілердің реттеуіші.

"Бұл ұлттық реттеушілер үшін ойын ережелерін белгілейтін институт болады, яғни біздің қаржы секторының жұмысын үйлестіру үшін тиісті ережелер шығарумен айналысады, ал Ұлттық банктің маңызды қызметі – бұл бөлек. Айтайын дегенім, Ұлттық банк үшін аса қатты өзгеріс бола қоймайды. Тек қаржы нарығының заңнамаларын үйлестіретін орган құрылады", - деп нақтылады банк басшысы.

Естеріңізге салып өтсек, бұдан бұрын БЭО аясында 2025 жылы қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттық орган құру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Аталмыш орган Алматыда орналаспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/310356-2025-zhyly-beo-ayasynda-kyrylatyn-organ-kandaj-kyzmet-atkarady/

pixel