RU

Қылмыстық кодекстің қазақша аудармасы орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес келмейді

Қылмыстық кодекстің қазақша аудармасы орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес келмейді. Кесірінен жаңа қылмыстық процессуалдық кодекс қазақ тіліне қайтадан аударылмақ.

Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Рамазан Сарпеков хабарлады. Оның айтуынша,осыдан 4-5 жыл бұрын еліміздегі қылмыстық істердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылып келген.

Сөйтіп қазақ тіліндегі аудармаларының кейбір жерлерінде бүтіндей бір сөйлемдер мен нормалар түсіп қалады екен.

"Бүгінгі күні қателеспесем, 150-дің үстінде осындай бірнеше мағынада пайдаланылатын сөздер де, қазір бір жүйеге түсірдік. Ол осы біздің қылмыстық процестік кодексте де, қылмыстық кодексте де, қылмыстық атқару кодексінде де, әкімшілік төрт кодексте де қазір көрініс тауып отыр. Яғни, біз осы өрескел түрде түсіріліп келген қателерді түзетіп бердік қазір", - дейді мәжілісмен Рамазан Сәрпеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/310452-kylmystyk-kodekstin-kazaksha-audarmasy-orys-tilindegi-nyskasyna-sejkes-kelmejdi.html