Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы апат салдарынан ауруханаға түскен 2 жолаушы ауыр халде

Опубликовано:

"Алматы-Атырау" пойызының апатқа ұшырауы салдарынан ауруханаға түскен 10 адамның екеуі ауыр халде. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан Өтепқалиев айтты.

"Қазіргі кезде облыстық ауруханада зардап шеккен 6 жолаушы жатыр. Олардың екеуі ауыр халде. 1961 жылы туылған Тараздың тұрғынының жағы сынған, беті тілінген. Ал 1944 жылы туылған Астана тұрғынының қабырғалары сынған (Екеуі де әйел адам - ред.). Тағы төрт адам Мақат аудандық ауруханасында емделуде", - деді ол.

Басқарма басшысының мәліметінше, Мақат ауруханасында жатқан 3 зардап шегушіні, яғни Атырау қаласының 2 тұрғыны мен 1 қызылордалық азаматты бүгін облыстық ауруханаға әкелу жоспарланған.

Бір зардап шеккен әйел өз өтініші бойынша тұрғылықты жері Құлсары қаласына жеткізіледі.

Айта кетейік, зардап шегушілердің саны артып келеді. Апаттан кейін келесі күні Атырауда дәрігерлік көмек сұрап 12 адам хабарласты. Олардың барлығына медициналық жәрдем көрсетілді. Олар дәрігерлердің бақылауында болады.

Апаттан зардап шеккендердің барлығы материалдық өтемақы алады.

бағытындағы пойыздың апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен жолаушылар материалдық көмек талап ете алады.

"Қазір бұл мәселе қаралып жатыр", - деді брифингте Атырау темір жол желілік бөлімінің бас инженері Жәнібек Жүнтұрбаев.

Заң бойынша билет құнына жолаушының денсаулығына келген зақымға байланысты сақтандыру өтемақысын алуға құқық беретін сақтандыру да кіреді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаровтың айтуынша, жарақат алған жолуашылардың заттары вагондарда қалып қойған болуы мүмкін.

Сондықтан, апат орын алған аумақ облыстық ІІД қызметкерлерімен қоршауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/310701-atyraudagy-apat-saldarynan-auruhanaga-tysken-2-zholaushy-auyr-halde/

pixel