RU

Астанадан Бурабайға екі жаңа электр пойызы қатынайтын болады

25 сәуірден бастап Астана мен Қарағандыдан "Астана-Бурабай курорты" және "Астана-Қарағанды" бағытында "Оқжетпес" және "Сарыарқа" жаңа электр пойыздары қатынайтын болады.

Жаңа пойыздар ыңғайлылығымен және қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Компанияның мәліметінше, жаңа электр пойыздары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді, барлық конструктивтік шешімдер өнеркәсіптік эстетика мен өңдеудегі соңғы үрдістерді ескере отырып, жасалған. Электрпойыздарын пайдалану мерзімі - 28 жыл.

"Бурабай курортына дейін "Оқжетпес" пойызы Астанадан жұма күндері сағат 18.50 аттанады, Бурабай курортына сағат 22.00 жетеді; Бурабай курортынан сағат 22.35 шығады, Астанаға сағат 01.40 келеді. Көкшетау станциясына дейін "Оқжетпес" пойызы Астанадан сенбі, жексенбі, дүйсенбі және сейсенбі күндері жүреді. Астанадан сағат 07.25 шығады, Көкшетау станциясына сағат 11.32 жетеді. Көкшетау станциясынан сағат 19.00 шығады, Астанаға сағат 23.07 жетеді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

"Оқжетпес" электр пойызы Ақкөл және Макинка станцияларына тоқтайды. Жолақы құны І санаттағы вагонда - 1 088 теңге, ІІ санаттағы вагонда - 1 013 теңге, ІІІ санаттағы вагонда - 842 теңге.

Бірінші санаттағы құрамда 3 вагон, екінші санатта 3 вагон және үшінші санатта 2 вагон бар. Осы күні Қарағандыдан да жаңа құрам аттанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/310970-astanadan-burabajga-eki-zhana-elektr-pojyzy-katynajtyn-bolady.html