Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спирт ішімдіктерінің сатылу орындары мен сату уақыты шектеледі

Опубликовано:

Қазақстанда спиртті ішімдіктердің сатылу орындарын және сату уақытын шектеу қарастырылады.

Атап айтқанда, спиртті ішімдіктер мейрамханаларды, дәмханалар мен барларды қоспағанда, кешкі сағат 21-ден бастап, келесі күнгі 12-ге дейін жұмыс және демалыс күндеріне бөлінбестен сатуға тыйым салынады.

Бүгін Мәжілісте талқыланып жатқан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында осындай норма қамтылған.

Бұдан бөлек, заң жобасында спиртті ішімдіктердің сатылу орындарын шектеу мәселелері де көзделеді.

Атап айтқанда, алкоголь өнімдерін автомобильге май құю стансаларында өткізуге тыйым салынатын болады. Сонымен бірге, заң жобасында алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу аясында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту қарастырылады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министр Бақыт Сұлтановтың айтуынша, заң жобасы күшті алкоголь өнімдеріне бағаны біртіндеп көтеру мен сату орындары мен уақытын, сонымен бірге сауда тәртібін шектеу қарастырылады.

Бұдан бөлек, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және өндіріліміне мемлекеттік бақылау күшейтіледі.

Сонымен қатар, заң жобасы аясында Кеден одағының бірыңғай экономикалық кеңістігінде Қазақстанның әріптестерімен алкоголь өнімдеріне теңдей жағдай жасау қарастырылады.

Тұтастай алғанда, заң жобасын әзірлеу еліміздің экономикалық мүдделерін, экономикалық қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажеттігінен туындап отыр.

Бұл ретте мемлекет этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы процесінде туындайтын құқықтық қатынастар саласындағы қатысушыларға ықпал етудің тиімді тетіктерін иеленуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/311079-spirt-ishimdikterinin-satylu-oryndary-men-satu-uakyty-shekteledi/

pixel