Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат қымыз бен шұбат туралы заң жобасын қабылдауды ұсынды

Опубликовано:

ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысы барысында депутат Алдан Смайыл қымыз бен шұбат туралы заң жобасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Осы арақ-шараптың орнына бiз ұлттық тағамдарымызды, қымыз бен шұбатты көбейтейiк. Ол да қаперiне келмедi ешкiмнiң. Жамбыл, Алматы облысындағы қымыз өндiрушiлер осы мәселенi көтерiп, халықаралық деңгейде конференция өткiздi. Неге бiз осы арақтың төңiрегiне үйрiле беремiз? Осындай пайдалы iске неге заң қабылдамаймыз? Мен министрлiкке осы бүгiнгi кездесудi пайдаланып отырып, арақ-шарап туралы заң қабылдадыңыздар жеткiлiктi түрде, енді ұлттық тағамдар солардың орнын басатын қымыз бен шұбат туралы заң жобасын әзiрлеңiздер деген ұсыныс айтқым келiп отыр. Бұл - ұлттық қажеттiлiк", - дедi А.Смайыл.

"Өзiмiзге керек, қажеттi заңдарды қабылдайық та соны жасайық. Болмаса, парламент депутаттары бiздер заң жобасын өздерiмiз жасайық. Осындай әрекеттер арқылы ғана бiз араққа тыйым саламыз", - деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/311104-deputat-kymyz-ben-shybat-turaly-zan-zhobasyn-kabyldaudy-ysyndy/

pixel