RU

Назарбаева: Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды

Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан 12-ші Еуразиялық медиа форум барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, аталған форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева айтты.

"Ыдыраған Кеңес одағының орнында пайда болған, яғни, посткеңестік деп аталатын мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының сараптамасы біздің елдеріміздің көшпелі кезеңді аяқтағанын көрсетіп отыр", - деді ол.

Д.Назарбаеваның атап өтуінше, бүгінгі таңда еуразиялық кеңістіктегі елдердің даму қарқынының алуандығы мәселесі өткір көтеріліп отыр.

"Ал дамудың синхрондылығы біздің елдеріміз таяу онжылдық ішінде шешуі қажетті маңызды проблемалардың бірі", - деді Мәжіліс вице-спикері.

Сонымен қатар ол өз сөзінде екі күндік форум аясында ұйымдастырылатын отырыстарға жеке-жеке тоқталып, қандай мәселелер көтерілетіндігін тарқата айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/311240-nazarbaeva-postkenestik-memleketter-damuynyn-koshpeli-kezeni-ayaktaldy.html