RU

Көкшетауда техникалық институт курсанты үшінші қабаттан секіріп кетті

Бүгін түнде ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының курсанты үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

"24 сәуірде шамамен сағат түнгі 01:10-да бірінші курста күндізгі бөлімде оқитын жігіт оқу-зертхана корпусының 3 қабатынан секіріп кетті", - деп хабарлады КТИ-ден.

Қазіргі таңда жігіт Ақмола облыстық ауруханада жатыр, оның халі ауыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/311319-kokshetauda-tehnikalyk-institut-kursanty-yshinshi-kabattan-sekirip-ketti.html