Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдің басым бөлігінде бұлыңғыр ауа райы күтілуде

Опубликовано:

Қазақстанның басым бөлігінде бүгін, 25 сәуірде циклонның өтуімен, сонымен бірге ауа ағынының әсерінен жаңбыр жауады. Сондай-ақ оңтүстікте жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Ал солтүстік батыста тұман түседі деп күтілуде. Тек елдің шығысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с.-қа, таулы аумақтарда тіпті 23-28 м/с.-қа жетуі мүмкін. Жамбыл облысында да жел тұрады - 15-20, кей жерлерде оның күші 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысында күндіз жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр шамасында, кейбір аудандарда тұман түседі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облысында жел тұрады, жылдамдығы 15-22 м/с., шаң көтеріледі.

Атырау облысында да жел тұрады -17-22 м/с. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде, күндіз аймақтың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с.-қа дейін барады.

Ақтөбе, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ал Алматы облысының кейбір жерлерінде тіпті 15-23 м/с.-қа дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/311336-eldin-basym-boliginde-bylyngyr-aua-rajy-kytilude/

pixel