RU

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның әкесі қайтыс болды

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның отбасы қара жамылды. Күміс көмей әншінің әкесі Қуаныш Рымбаев 90-ды алқымдаған шағында дүние салды.

Кеше марқұмды туған-туыс, жақындарымен қатар Роза Рымбаеваның өнердегі жолдастары да ақтық сапарға шығарып салды.

"Қуаныш ақсақал мәңгі орнына барып жатты. Мына біздің сүйікті әншіміз Роза Рымбаеваның әкесі 90 жасқа келген кезінде дүние салды. Барлықтарымыз қосылып, оның коллегалары, шығарып салды оны. Роза Рымбаеваның анасы да былтыр 87 жасқа қараған шағында өмірден озған болатын", - деді ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

Қазақ тіліндегі басқа да ел және әлем жаңалықтарын оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/311343-kazakstannyn-halyk-ertisi-roza-rymbaevanyn-ekesi-kajtys-boldy.html