Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Корея премьер-министрі кеме апатынан кейін отставкаға кетті

Опубликовано:

Оңтүсті Корея премьер-министрі Чон Хон Вон "Севол" кемесінің апатына байланысты оңтүстіккореялық биліктің сынынан соң отставкаға кетті, деп хабарлайды Рейтер.

"Менің бұл қызметте қалуым әкімшілік үшін тым ауыр тиеді", - деген премьер-министрдің баспасөз мәслихатындағы сөзін келтіреді агенттік.

Апаттан кейін келесі күні Хон Вон батып кеткен кеме жолаушыларының ата-аналарымен жолыққан. Алайда, олар үкімет басшысын сынап, мұны саяси қадам ретінде айыптаған.

Кездеу кезінде көпшілік корейлік премьерге бөтелкелер лақтырып, айғай-шу шығарған. Салдарынан туыстары құтқару операциясының барысын сынға алған.

Бейсенбі күні апатқа ұшырағандардың туыстары жоғалып кеткен жолаушыларды іздеумен айналысып жатқан жағалау күзетінің кеңсесіне кіріп кетіп, оның бастығының орынбасарын соққыға жыққан. Сөйтіп, олар құтқару кемелеріне операция барысын тәулік бойы көрсетіп отыратын камера орнатуды талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/311580-ontystik-koreya-premer-ministri-keme-apatynan-kejin-otstavkaga-ketti/

pixel