Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Мен "жеңілдің астымен, ауырдың үстімен" жүретін адам емеспін

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттеріне оқыған дәріс барысында "жеңілдің астымен, ауырдың үстімен" жүретін, ойланбай шешім қабылдайтын адам емес екенін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Экспорттық деңгейде кейбір шенеуніктер орын алған қиындықтарға төзім таныта алмай отыр. Шынын айтқанда, болашақ экономикалық одақты "шаблон бойынша" да жасап шығуға болар еді, алайда ол оның негізгі мазмұнына қайшы келер еді – мен жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп, асығыс шешім қабылдайтын адам емеспін", - деп еске салды Назарбаев.

"Біз кез келген экономикалық немесе геосаяси жағдай қалыптасқанда еріп шыға келетін ақ қардай жарқырап тұрған аққала қалап жатқан жоқпыз, елдер соны түсінуі тиіс. Біздің ТМД аясында жекелеген интеграциялық бірлестіктер аясында да асығыс қабылданған шешімдер болғанын айту керек", - деп ескертті Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық ықпалдастық тақырыбында лекция оқуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/311764-nazarbaev-men-zhenildin-astymen-auyrdyn-ystimen-zhyretin-adam-emespin/

pixel