RU

Ақтөбеде 2 жасар бала 12 сағат бойы орман алқабында адасып жүрген

26 сәуірде Қызылжар кентінде 2 жасар бала жоғалып кетті. Оны ата-анасы уақытша туыстарына тастап кеткен болатын.

Полицейлер баланы келесі күні таңертең кенттен 2 шақырым жерде орналасқан орман алқабынан тапты. Бала 12 сағат бойы қараусыз жүрген, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

"Бала табылғаннан кейін Қарғалы ауруханасына жеткізілді. Жедел жәрдем дәрігерінің сөзіне қарағанда, сәбиге салқын тигені болмаса денесіне еш жарақат түспеген", - делінген хабарламада.

Полицияға болған оқиға жайлы баланың анасы Ақтөбенің 26 жастағы тұрғыны хабарлапты. Ал бала аулада ойнап жүріп, кетіп қалған көрінеді.

Ақтөбе қалалық ІІБ Заречный бөлімінің жедел-іздестіру шараларының арқасында бала аман-есен табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/311865-aktobede-2-zhasar-bala-12-sagat-bojy-orman-alkabynda-adasyp-zhyrgen.html