RU

Англияда мектеп оқушылары әлі күнге жаялықпен жүреді

Sky News телеарнасы жүргізген зерттеулер бойынша Ұлыбританияда 15 жасқа дейінгі жүздеген мектеп оқушылары өз бетімен дәретханаға бара алмайтын болып шықты.

Сондықтан олар жаялықпен жүруге мәжбүр болып отырған көрінеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Мұғалімдердің айтуынша, 15 жасқа дейінгі жүздеген мектеп оқушылары денсаулықтары жақсы бола тұра, өз бетімен дәретханаға бара алмайды екен.

Зерттеу кезінде, Англиядағы мектептердің мұғалімдері мен қызметкерлеріне "Мектепке жаялықпен келген оқушылар болды ма?" деген сауал қойған уақытта әрбір оныншы мұғалім ия деп жауап берген. Олардың айтуынша, өткен жылы 5 жастан 7 жасқа дейінгі балалар мектепке жаялық киіп келген. Әрбір жиырмасыншы оқытушы 7 жастан 11 жасқа дейінгі балалардың жаялықпен келгенін растады.

Сынып жетекшілерінің 1 пайызы жоғарғы сынып оқушыларының мектепке жаялықпен келетінін біледі екен. Сауалнамаға 602 бастауыш сынып оқытушысы мен 561 орта сынып мұғалімі қатысты. Шыққан қорытындыға жүгінсек, соңғы 12 айда 16 мың мектепте төменгі сыныптың кем дегенде 1 оқушысы мектепке жаялықпен келген.

Сарапшылардың айтуынша, балалар дәретханаға баруға үйретпегендердің арасында жағдайы нашар отбасылар ғана емес, сонымен бірге, жұмысымен әлек болып жүріп, балаларына дұрыс тәрбие беруді ұмытқандар да бар көрінеді.

Мектеп меңгерушілері көптеген оқушылардың әлі күнге жаялықпен жүргендерін мойындауға ұялатынын айтады. Балалардың денсаулықтары жақсы, бар мәселе олардың ата-аналарының дәретханаға шығуды үйретпеуінде екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/311889-angliyada-mektep-okushylary-eli-kynge-zhayalykpen-zhyredi.html