RU

Менделеев кестесіне 117-ші элемент енгізіледі

Менделеевтің периодтық кестесі жақын арада тағы бір элементпен толығады. Германиялық ғалымдардың жасаған тәжірибесі нәтижесінде, бұрын белгісіз болған лоуренсия изотопы анықталды.

Мамандардың пайымдауынша, изотоп 117-ші элементтің ыдырауынан пайда болған. 117-ші элементтің әзірге ресми атауы жоқ. Оны ғалымдар бейресми түрде унунсептий деп атайды.

Элементке мұндай атауды алғаш рет ресейлік ғалымдар 2010 жылы берген. Өнім кальций иондарын атқылау жолымен синтезделген. Мамандар бұл тәжірибені 2012 жылы тағы бір қайталап көрді.

Нәтижесінде 103 нөмірлі элементтің жаңа изотопы анықталды. Жаңа элементті Менделеев кестесіне енгізбес бұрын тағы бір тәжірибе жасау қажет пе, жоқ па деген сұрақты арнайы құрылған комиссия саралайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/312492-mendeleev-kestesine-117-shi-element-engiziledi.html