RU

Қазақстанда жалған ақпарат тарату жайлы заң өзгерісі күшіне енді

Бүгін, яғни 6 мамырдан бастап Қазақстанда "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқан" адамды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын заң өзгерісі күшіне енді.

Қазақстандық кейбір құқық қорғаушылар бұдан бұрын қылмыстық кодекстің адам құқықтарына қатысты тұстарының қатайтылғанын айтқан еді.

Құқық қорғаушы Айна Шорманбаева кодексте қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдардың қызметіне сын айту немесе бақылау жасауын азайту жағы, қоғамдық ұйым жетекшілерін репрессивті қуғындау мүмкіндіктері қарастырылғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/312606-kazakstanda-zhalgan-akparat-taratu-zhajly-zan-ozgerisi-kyshine-endi.html