RU

Мерьем Узерли "Сүлеймен сұлтанға" қайта оралды

Тимс продакшн "Сүлеймен сұлтан" телехикаясының желісі бойынша толықметражды фильм түсірмекші. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазады.

Атақты Haber Gazete, ManşetTv, Kadın Haberleri, Turk Time сынды түрік басылымдарының хабарлауынша, фильмдегі басты рөлді актриса Мерьем Узерли сомдайды.

Түрік актрисасы Мерьем Узерли "Сүлеймен сұлтан" телехикаясындағы Хюрремнің рөліне қайта оралады. Бұл жолы Тимс продакшн компаниясы телехикая желісі бойынша толықметражды фильм түсіретін болады.

Осы уақытқа дейін компанияның атына әлемнің 50-ден астам елінен толықметражды фильм түсіру туралы ұсыныс хаттар келіп түскен. Бұл ұсыныстар ескерусіз қалған жоқ.

Көрермендердің өтінішімен продюсер Тимур Савджи "Сүлеймен сұлтан" телехикаясының желісі бойынша толықметражды фильм түсіретін болды.

Басты рөлге компания Мерьемді шақыртыпты. Бұған актриса бірден келісімін берген екен. "Сүлеймен сұлтан" фильміне түсетіндердің көбі бұрынғы актерлер болмақ. Басты рөлде Халит Эргенчтің өзі деп жазады Lite.BNews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/313163-merem-uzerli-sylejmen-syltanga-kajta-oraldy.html