Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ихтиоз ауруына шалдыққан Жасұланға өмір бойы күтім қажет

Опубликовано:

Ихтиоз ауруына шалдыққан 4 жасар Жасұлан Қорғанбек пен анасы Ұлбибі Ықыласова ауруханадан шықты.

Республикалық тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты мамандары денесін қабыршақ басқан баланы әлі де бақылайды. Анасының айтуынша, Жасұланның денсаулығы әлдеқайда жақсарған. Алайда ихтиозға қарсы егілетін дәрі-дәрмектер, майлар Қызылордада мүлдем жоқ екен.

Әрі ол жердегі ауа райы тері ауруына қолайсыздау. Сондықтан Жасұланның ата-анасы Алматыда пәтер жалдамақшы.

"Алматы облысы, Алматы қаласынан жалға пәтер алып, дәрігер қадағалауында бір айдай болсам деген жоспарым бар. Мен үшін ең үлкен қуаныш баламның үсті жеңілдеді. Көп жақсарды, іріңдеген жоқ. Бір күнде дәрігерлер майын ауыстырып отыр. Өйткені кішкене бала денесіне шыға бастаса басқа дәрі жағады. Ол тазарды ма, басқа дәрі жағады", - дейді Ұлбибі Ықыласова.

Жасұланға жанашырлық танытқан жомарт жандардың көмегімен 6 миллион 200 мың теңге жиналыпты. Анасының айтуынша, Израильде емделуге 8 миллион теңге қажет. Баланың құжаттары мен медициналық сараптама нәтижесі шетел клиникасына жіберіліпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/313287-ihtioz-auruyna-shaldykkan-zhasylanga-omir-bojy-kytim-kazhet/

pixel