RU

Аласа бойлы ер адамдар ұзақ өмір сүреді

Америкалық ғалымдар аласа бойлы ер адамдар ұзын бойлыларға қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтады.

Мамандар бұл пікірлерін PLOS ONE журналында жариялаған. Зерттеушілер бойы 152 см аспайтын ерлер одан ұзын бойлылардан көбірек өмір сүретініне көз жеткізген. Бұл әсіресе жапондық ерлер арасында көп байқалған.

Мұндай ерлерде көп жылдық өмір сүру гені FOXO3 болуымен түсіндіреді. Сондықтан олардың бойы аласа, дегенмен олардың денсаулығы мықты, қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі төмен болады екен.

1900 және 1906 жылдар аралығында дүниеге келген 8006 ер қатысқан зерттеу жұмыстары барысында ғалымдар осындай пікірге келді. Бүгінде олардың 206-сы ғана өмір сүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/313310-alasa-bojly-er-adamdar-yzak-omir-syredi.html