Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әлемдік 50 көшбасшы елдер қатарына кірді

Опубликовано:

Үш халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан 50 көшбасшы елдер қатарына кірді. Бұл туралы бүгін экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Бүгін Үкімет отырысында факторлары бойынша Қазақстанды халықаралық салыстыру және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру бойынша қабылданатын шаралар мен ұсыныстарды қамтитын 2013 жылғы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі туралы баяндаманың жобасы қаралды.

"Бәсекеге қабілеттіліктің жүйелі мониторингі бес фактор бойынша алты әлемдік рейтингтердің және ұлттық бәсекеге қабілеттілік индикаторлары мониторингінің қорытындылары бойынша Қазақстан біртіндеп өз ұстаным жақсартып келеді", - деді Ерболат Досаев.

Министрдің атап өтуінше, 2013 жылдың қыркүйегінде жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан өзінің позициясын 1 тармаққа жоғарылата отырып, 148 елдің ішінен 50-орынды иеленді.

2013 жылдың қазан айында жарияланған Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингісі бойынша Қазақстан 3 тармаққа позициясын жақсартып,189 елдің ішінен 50-орынға көтерілді.

2013 жылғы мамырда жарияланған Халықаралық даму менеджменті институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан өзінің позициясын 2 орынға төмендетіп, 60 елдің ішінен 34-ші орынды иеленді.

Осылайша, үш халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан 50 көшбасшы елдер қатарына кірді. Екі рейтинг бойынша 70-тің ішінде (67 және 69-орын) және бір рейтинг бойынша 140-орында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/313387-kazakstan-elemdik-50-koshbasshy-elder-kataryna-kirdi/

pixel