Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да табылған "Алтын Ханшайым" екінші алтын адам болуы мүмкін

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысынан табылған "Алтын Ханшайым" екінші алтын адам болуы әбден мүмкін. Археологтар алтыннан жасалған түрлі әшекейге малынған қорымды Теректі ауданынан қазып алған.

Айтуыларынша, қазір зерттеу жұмыстары жалғасуда. Қорымды зерттеу ісіне Жапония, Германия және Ресейдің ғылыми орталықтары мен белгілі мамандары қатысқан.

Осы зерттеулерден кейін археологтар бұл қорымның біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларға тиесілі екендігін, әрі Қазақстаннан табылған көне көмбелердің ең байырғысы деген жорамал жасап отыр.

Ғалымдар дерегінше, табылған "алтын ханшайымның" жасы 35-40 шамасында. Оның бойында сырға, сақина, алқа секілді 500-ге жуық алтын әшекейлері болған. Тіпті үстіндегі көйлегі мен жамылғысы да алтын жіппен тігілген. Қазіргі күні "Алтын ханшайым" экспозициясы қайта безендірілуде. Бірақ оны құпия түрде сақтап отыр.

Толық тексерулер аяқталмай көпшілікке көрсетуге болмайды деп түсіндірді.

"Қазба жұмыстары кезінде 6- қорғаннан ерекше қабірге тап болдық. Мұндағы асыл заттардың көптігін көріп, бұл расымен де алтын әйел деген ұйғарымға келдік. Қазба жұмыстарының қорытындысы кітап болып, жарыққа шығады. Белгілі Қырым Алтынбеков жасаған екі мүсіннің бірі Астанадағы ұлттық мұражайға, екіншісі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қойылады. Тұсаукесер рәсімін шілде айының басына жоспарлап отырмыз", - дейді "БҚО тарих және археология орталығы" МКҚК директоры Мұрат Сыдықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/313627-bko-da-tabylgan-altyn-hanshajym-ekinshi-altyn-adam-boluy-mymkin/

pixel