RU

Таразда сабақ үстінде улы газ шашқан 11-ші сынып оқушысы болып шықты

Бұған дейін Таразда мектептің оқушылары тура сабақ үстінде газға уланып қалғанын хабарлаған болатынбыз. 11-ші сынып оқушысы коридорға баллоннан газ шашып, иісінен балалар бірінен соң бірі ауа жетпей есінен танып құлаған деп хабарлайды КТК арнасы.

31 оқушы қазір ауруханада жатыр. 7-уі өлім аузында жансақтау бөлімінде жатыр.Удың қайдан келгенін оқушылар да мұғалімдер де алғашында түкке түсінбей дал болған. Бәрі әдеттегідей тып-тыныш сабақ оқып отырыпты. Қоңырау соғылып балалар сыныптан шыға бергенде, бірінен соң бірі есінен таңып есікке жетпей құлаған.

"Қазіргі кезде реанимация бөлімінде семптаматикалық ем жүргізіліп жатыр. Неге десеңіздер, бұл қандай газ екені бізге әлі анық емес. Қазір жеті баланың ішінде 2 баланың жағдайы дұрысталды. Балалар өз-өзіне келді", - дейді №1 балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлбану Садықова.У жайлаған мектептен мұғалімдермен қоса 400-ден астам бала дереу сыртқа шығарылған. Көбінің терісі қызарып, есін жия алмаған соң жедел жәрдем шақыртуға тура келіпті. Ал ата-ана болған жайтты ұл-қыздары жансақтау бөліміне жеткізілгенде бір-ақ естіген."Мұғалім хабарласты. Қызыңыз талып жатыр, тез жетіңіз деп.  Мен жүгіріп келдім, келсем ауыр жағдайда деп айтты. Білмеймін, өзім әлі көрген жоқпын", - дейді зардап шеккен оқушының анасы Перизат Алтынбекова. Ауруханаға алып ұшып жеткенімен уланғандардың бірде бір жақыны ішке кіргізілген жоқ. Ал дәрігерлер газдың шыққан тегін таппай жанталасуда. Жанұшыраған ата-ана қандай да бір жауап алуға мектепке директордың өзін іздеп барды.   Сөйтсе, бүкіл баланы улаған мектептің оқушысы екен. 11-ші сыныпты оқитын тентек күзетке байқатпай ішке улы баллонды алып кірген.     

Қазір улы иіс түгел тарап, оқушылар сабағын жалғастырған. Тек 31 баланың орны бос. Ал төтенше оқиға бойынша тергеу басталып та кетті. Бұзақы болса абақтыда.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/313793-tarazda-sabak-ystinde-uly-gaz-shashkan-11-shi-synyp-okushysy-bolyp-shykty.html