RU

Таразда "Шрам" есімді қылмыс әлемінің серкесі сотталды

Қылмыстық ортада "Шрам" атымен танымал болған тараздық Алмаз Мешеловке қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды.

Бұл туралы BNews.kz Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық қудалау органдары А.Мешеловті "Кировскийлер" аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, криминалдық ортада "Баха-Шоколад" атымен танымал Б.Налибаевпен тығыз достық қатынаста болып, оған трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың және халықаралық ұйымдасқан қылмыстардың қызметін қаржыландыру үшін өз еркімен 4 000 000 теңге ақшалай қаржыны енгізуді ұсынғандығы, сонымен қатар өте ірі мөлшер болып табылатын 32,830 грамм героин, есірткі затын заңсыз сатып алып, тасымалдағандығы және сақтағандығы үшін айыптаған болатын.

Тараз қалалық №2 соттың үкіміне сай, А.Мешеловке мүлкін тәркіленіп, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/314006-tarazda-shram-esimdi-kylmys-eleminin-serkesi-sottaldy.html