RU

Елімізде ажырасу саны артып, ұрыс-керісі көп отбасылардың қатары өсуде

Елімізде ажырасу саны артып, ұрыс-керісі көп отбасылардың қатары өсуде.

Статистика агенттігінің мәліметінше, АХАТ органдарында жыл басынан наурыз айы аралығында заңды некеге тіркелгендер саны 7%-ға азайған.

Бұл көрсеткіш жыл соңына қарай едәуір азаюы ықтимал, - деп сендірді статистика төрағасы Әлихан Смайылов. Дегенмен, елімізде халық саны жылдан-жылға артып келеді. Жыл басынан бері Қазақстан халқы 60 мыңға өскен.

Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың мәлімдеуінше, Қазақстанда халық саны 251 мың адамға немесе 1,5%-ға өсті. Қаңтар-наурызда АХАТ органдарында 92,8 мың туылғандар тіркелді, бұл 2013 жылға қарағанда 0,5%-ға көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/314110-elimizde-azhyrasu-sany-artyp-yrys-kerisi-kop-otbasylardyn-katary-osude.html