RU

Өскеменнің жастар қалашығында киіз үй пішінді "ақылды үй" салынбақ

Биылғы жылы Өскеменде посткеңестік кеңістіктегі тұңғыш "Жастар қалашығы" салынады, оның басты нысанына Экоүй айналмақ.

Ол "Ақылды үй" смарт-технологиясы және басқа инновациялық өңдеулермен жабдықталмақ, деп хабарлады облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.

ШҚО жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың сөзіне қарағанда, қалашық жастардың түрлі бастамаларын қолдау үшін салынбақ. Ал жобаның басты серіктестері ретінде БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен Жаһандық Экологиялық қор қатысады.

Олар орталық нысан - "Экоүйді" күн батареяларымен, су сужылытқыш қазандықтар, "ақылды үй" смарт-технологиясы және басқа да заманауи ғылым жетістіктерімен жабдықтау үшін қажетті қаржыны бөлген. Нысанның құрылысы 34 млн теңгеге бағаланып отыр.

Экоүй биылғы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Үй экологиялық материалдардан салынады. Ал безендірілуі бойынша ол киіз үйге ұқсастырылмақ.

Оған қоса, биылғы жылдың маусым айының басында экоүйдің жобасы Нью-Йоркте бүкіләлемдік жастар форумында таныстырылады. Салынатын қалашықта картинг, скалодром, ойын және спорттық алаңдар, сонымен бірге, жастар ұйымдарының кеңселері болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/314378-oskemennin-zhastar-kalashygynda-kiiz-yj-pishindi-akyldy-yj-salynbak.html