RU

АҚШ-та 20 тісі бірден жұлынған зейнеткер стоматолог алдында көз жұмды

АҚШ-та стоматолог зейнеткердің 20 тісін бірден жұлып алып, өліміне себепкер болды. The Daily mail хабарлағандай, әйел адам тісінің ауруына шағымданып, имплант салғызу үшін стоматолог дәрігерге көрінеді.

Ал дәрігер болса оның 20 тісін жұлып алып, жасанды тіс салып бермек болған. Пациентке жансыздандыру дәрісін егіп, тісті жұлудың қамына кіріседі.

Операция кезінде дәрігердің ассистенттері әйелдің есінен танып қалғандығын байқаған. Олар дәрігерге бұл туралы айтып, жедел жәрдем шақыруын сұрайды.

Алайда дәрігер жедел жәрдем шақыру қажет емес дейді. Бірер уақыт өткен соң зейнеткер әйел есін жинап, өзін жайсыз сезініп тұрғандығын айтқан. Әйтсе де стоматолог тісті жұла береді. Біршама уақыт өте келе пациенттің жағдайы күрт нашарлап кетеді де, олар жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болады.

Алайда бұл кезде өте кеш еді. Оқиға орнынан жеткен жедел жәрдем қызметкерлері зейнеткердің өмірін құтқарып қала алмады. Ал стоматологқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/314515-aksh-ta-20-tisi-birden-zhylyngan-zejnetker-stomatolog-aldynda-koz-zhymdy.html