RU

Қартаю процесін тежейтін қазақстандық өнім келесі жылы сатыла бастайды

Қазақстанның медицина ғылымы жетістікке жетті. Келесі жылдан бастап елімізде қартаю процесін тежейтін кәрілікке қарсы өнім сатыла бастайды.

Назарбаев университеті ғалымдарымен бірлескен конференцияда оқу орнының Өмір туралы ғылыми орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов осындай жаңалық айтты.

Оның мәліметінше, дің жасушалары енгізілген жастық эликсирі капсула түрінде ме, әлде сұйықтық күйінде ме, қалай өндірілетіні әзірге белгісіз. Бағасы да беймәлім.

"Екі жыл болды осы жобамен жұмыс істеп жатырмыз, өзінің бір заңдары бар, қалай іске асыруға болатын, оның кезеңдері болады, бірінші кезең зертханадан сынақтан өту", - деді Назарбаев университеті өмір туралы ғылымдар орталығынң бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

Сапалы әрі ұзақ өмір сүру туралы сөз қозғалған халықаралық ғылыми конференцияға арнайы келген Жапонияның Киото университетінің профессоры Ясухико Табата баяндама жасады.

Оның айтуынша, дің жасушылары тек қартаюды тежеп қана қоймай, онкологиялық клеткалардың пайда болуына жол бермейді. Ал егер адам қатерлі ісік ауруына шалдыққан болса, оған жүргізілетін емнің шипа болуын жылдамдатады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/314669-kartayu-proczesin-tezhejtin-kazakstandyk-onim-kelesi-zhyly-satyla-bastajdy.html