RU

Алматы облысының маңында Daewoo Nexia ағашқа соғылды, екі адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 25 мамыр күні Алматы облысы Талғар ауданы Еңбекші кентінің маңында орын алды, деп хабарлайды аймақтық ІІД.

""Дэу Нексия" автокөлігі жол жиегінде өсіп тұрған ағашқа соғылған. Апат салдарынан автокөлік салонындаға жолаушылар - екі ер адам оқиға орнында жан тапсырды.

"Дэу Нексия" жүргізушісі екі жолаушысымен түрлі жарақаттармен Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.

Аталған оқиғаға қатысты қажетті сараптамалардың тағайындалуымен қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/314974-almaty-oblysynyn-manynda-daewoo-nexia-agashka-sogyldy-eki-adam-kaza-tapty.html