Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең салмағы ауыр ер адам қайтыс болды

Опубликовано:

2006 жылы әлемдегі ең семіз ер адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген мексикалық Мануэль Урибе 26 мамыр күні, 48 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Associated Press хабарлағандай, ол 2 мамыр күні аритмиямен ауруханаға түскен көрінеді. Мануэль Урибені ауруханаға апару үшін кран керек болған. Оның өлімінің нақты себептері әлі анықталған жоқ.

Мануэль Урибе 1965 жылы 11 маусымда туған. Ол жасөспірім кезінде-ақ 115 кг тартқан екен. Ал 1992 жылдан бастап, өзі айтқандай, "шар секілді қампая" бастады.

2002 жылдың жазынан бастап ол сыртқа шыға алмайтын болғандықтан, оны анасы мен достары күтті.

2006 жылы ол 560 кг салмақпен Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қайтыс болар алдында Мануэль Урибенің салмағы 394 кг болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/315074-elemdegi-en-salmagy-auyr-er-adam-kajtys-boldy/

pixel